16 қараша күні Қазақстан аумағында 23 адам - коронавирустан, тағы 3 сырқат - пневмониядан қайтқан.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Шымкент қаласында - 4 науқас. Алматы қаласы мен Павлодар облысында - 3, Қарағанды, Жамбыл, Алматы және Ақтөбе облыстарында - 2, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Тек Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.