Кәсіпқой бокс • 18 Қараша, 2021

Головкин-Альварес трилогиясының тағдыры жаңа жылда шешіледі

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес пен отандасымыз Геннадий Головкин келесі жылы өзара үшінші жекпе-жекті өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Головкин-Альварес трилогиясының тағдыры жаңа жылда шешіледі

Бұған дейін шаршы алаңда 24 раунд өткізген екі мықтының арасындағы шайқас мексикалықтың бапкері Эдди Рейносоны да қызықтырып отыр.

«Әлбетте, біз Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің рингте үшінші мәрте кездесіп, бұған дейін болған барлық әңгімелерге нүкте қойғанын қалаймыз. Біз бұл кездесуді өткізуге ниеттіміз. Мен екі мықты арасындағы шайқас Мексиканың Мехико немесе Гвадалахара қалаларының бірінде ұйымдастырылғанын құп көремін. Геннадий Головкин желтоқсанда Риота Муратамен кездеседі. Алдымен сол жекпе-жек қалай аяқталатынын бақылап көрейік. Мүмкін содан соң трилогияға шындап кірісерміз», деді Рейносо өз ойын түйіндеп.