Кәсіпқой бокс • 18 Қараша, 2021

IBF рейтингі: Қазақ боксшыларының жағдайы қалай?

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингі жаңартылды. Рейтингте екінші орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы төртінші орынға орныққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

IBF рейтингі: Қазақ боксшыларының жағдайы қалай?

Басқа боксшылардың жағдайына келсек, орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінде тоғызыншы орынға табан тіресе, Мейірім Нұрсұлтанов оныншы, Қанат Ислам он үшінші орынға жайғасқан. Бұл салмақта IBF тұжырымы бойынша Геннадий Головкин әлем чемпионы екенін айта кеткен жөн.

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі ел мақтанышы, Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов он төртінші сатыға орналасса, бірінші жартылай орта салмақта бақ сынап жүрген Батыр Жүкембаев рейтингтен шығып қалған.