Экономика • 18 Қараша, 2021

Қазақстан мұнай өндірісін арттыруды жоспарлап отыр

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұнай өндіру көлемін 2026 жылға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мұнай өндірісін арттыруды жоспарлап отыр

Министр 2022 жылы мұнай бағасы барреліне 64,5 доллар, ал 2023 жылы барреліне 58 доллар деңгейінде болатынын атап өтті. Бұл болжам пандемиядан кейінгі қалпына келтіру бойынша жаһандық трендтер ескеріле отырып қалыптастырылды.

«2022 жылы мұнай өндіру 87,9 млн тоннаны құрайды, бұл 2026 жылы 107,4 млн тоннаға дейін артады. Мұнай өндірудің өсуі 2023 жылы Каспий Құбыр Консорциумы мұнай құбырының қазақстандық учаске бойынша қуатын арттыру үшін оның тар жерлерін жою жобасын іске асыру есебінен күтілуде», деді Әсет Ерғалиев Сенаттың жалпы отырысында.

Экономика министрлігі басшысының айтуынша, 2022 жылы әлемдік экономиканың 4,9%-ға, ал 2023 жылы 3,5%-ға өсуі күтілуде.

Келесі жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі 3,9% деңгейінде болжануда. ал 2026 жылы ол 5,2%-ға жетеді.