Аймақтар • 18 Қараша, 2021

Жамбыл облысындағы дауылдан 49 адам зардап шекті

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қолайсыз ауа райы салдарынан Жамбыл облысында 49 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство мәліметінше, Тараз қалалық ауруханасына 41 науқас түскен. Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары дәрігер тексергеннен кейін үйіне жіберілген.

«Төрт бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған, оның үшеуі емделуге қалып, біреуі амбулаторлық ем алуға үйіне жіберілді», делінген хабарламада.

Медициналық көмек алу үшін Байзақов аудандық ауруханасына да төрт адам жүгінген: біреуі ауруханаға жатқызылды, үшеуі дәрігерлер бақылауымен үйіне шығарылған.

«Көмекке жүгінген науқастардың көпшілігінің басы, қолы мен аяғы көгерген. Сонымен қатар терезе мен қоршаулар құлап, салдарынан басқа да жарақат алғандар бар», деді ведомство өкілдері.