Президент • 18 Қараша, 2021

Президент Сырты істер министрлігіне: Ұлттық мүдде тиімді қорғалмайды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус індеті әлемдік саясат пен экономиканы түбегейлі өзгеріске ұшыратты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Сырты істер министрлігіне: Ұлттық мүдде тиімді қорғалмайды

«Сыртқы саясатты «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай жүргізіп, оның тиімділігін барынша арттыру. Қазір Қазақстанның сыртқа бағытталған жұмысында біртұтас жалпы мемлекеттік стратегия жоқ деуге болады. Бұл - жүйелі сипаттағы мәселе. Сыртқы істер министрі Үкіметте ерекше мәртебеге ие болып, Премьер-Министрдің орынбасары деңгейіне көтерілді. Осыған орай Сыртқы істер министрлігі тығыз мекемеаралық үйлестіру жұмысын тиімді атқаруы керек», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, мемлекеттік аппарат ішіндегі байланыс, өзара ықпалдастық әлсіз. Жекелеген мекемелердің мүддесіне басымдық беріліп жатады. Бұл біраздан бері жалғасып келе жатқан теріс үрдіс.

«Соның кесірінен елеулі кемшіліктер болып жатады. Бұған қоса, ұлттық мүддені қорғайтын кезде тиімді жұмыс атқарылмайды. Мысалы, қазір Жайық өзені тартылып барады, Қазақстаннан жолдаған жүк Қытай шекарасында тұрып қалды. Біздің кәсіпкерлеріміздің көрші елдердің нарығындағы мүддесі ойдағыдай қорғалмай отыр. Осындай келеңсіздіктер халықтың тұрмыс сапасына және көңіл-күйіне кері әсер етеді», еді Қасым-Жомарт Тоқаев.