Спорт • 18 Қараша, 2021

Венгрияда шорт-тректен әлем кубогі үшін талас басталды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 18 қараша күні Венгрияның Дебрецен қаласында шорт-тректен әлем кубогінің үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Венгрияда шорт-тректен әлем кубогі үшін талас басталды

Спортшылар 500, 1000, 1500 м (жекелей сайыс); 3000 м (әйелдер эстафетасы), 5000 м (ерлер эстафетасы мен аралас микс-командалық) қашықтықтар бойынша сынға түседі. 

Жарысқа Қазақстан құрамасының спортшылары келесі құрамда қатысып жатыр:

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Еркебұлан Шамуханов, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртилек Қажығали.

Әйелдер: Ольга Тихонова, Мадина Жанбосынова, Алена Волковицкая, Яна Хан, Әлия Әмірғалиева, Әсел Тайшманова.

Айта кетерлігі, әлем кубогінің аталмыш кезеңі 21 қарашаға дейін жалғасады. Жарыстың бірінші күнінде іріктеу бәсекелері өтіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар