Қазақстандықтар 2021 жылғы әлем чемпионатында барлық 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, бес медаль – екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан AIBA рейтингінде бірінші, ал командалық есепте Кубадан кейін (үш алтын, екі қола медаль) екінші болды.
«Жаңа құрам өзін сәтті көрсетті. Біз тапсырманы орындап, қазақстандық жанкүйерлер үмітін ақтадық деп есептеймін. Боксшыларымызды әлем чемпионатындағы сәтті өнерімен құттықтаймын», деді федерацияның басшысы Кеңес Рақышев.