Деректерге сенсек, қазақ оғланы 11 желтоқсан күні Харрисбургте өтетін бокс кешінде рингке көтерілуі ықтимал. Әрине, әзірге мәселе толық шешілген жоқ. Алайда ұйымдастырушылар Садриддиннің кандидатурасын назардан тыс қалдырмаған.
Бұған дейін боксшының өзі желтоқсан айында шаршы алаңға оралатыны туралы хабарлаған болатын. Дәл қазір қазақ оғланы жекпе-жекке дайындығын пысықтап жатыр. Соған қарағанда Садриддин 11 желтоқсан күні рингке шығады деген ақпарат шындыққа жанасатын секілді.