Футбол • 18 Қараша, 2021

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі ойын өткізеді

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі футбол Федерациясы арасындағы келіссөздер барысында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі ойын өткізеді

«Еуро-2022 чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Каканың басшылығымен Өзбекстан құрамасына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді. Екі ойын да 2021 жылдың 14 және 15 желтоқсанында елордада, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Кездесу сағат 19:00 - де басталады», делінген Кazfutsal-дың Instagram парақшасында.

Еске сала кетсек, футзалдан Қазақстан құрамасы 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтетін Еуро-2022-ге қатысады. Қазақстандықтардың В тобындағы қарсыластары болып Словения, Италия және Финляндия белгіленді.