Бірер күн бұрын мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо шәкіртінің Головкинге қарсы трилогиясы Мексика жерінде өткенін қалайтынын айтқан болатын. Бұл әңгіме «Канелоны» бейжай қалдырған жоқ.
«Егер Эдди солай айтқан болса, мен оның сөзіне қарсы шыға алмаймын. Үшінші жекпе-жекті өткізуге, Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайынмын!», деді Сауль Альварес журналистердің бірі қойған сауалға жауап беріп.