Қазақстан • 19 Қараша, 2021

Қазақстан перспективалы елдердің қатарына кіреді

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин әлем елдеріндегі цифрлық экономиканың жай-күйін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан перспективалы елдердің қатарына кіреді

«Жоғарғы сол жақ шаршы – бұл елдің цифрлық эволюциясындағы баяулау. Бір қызығы, олардың арасында Солтүстік Еуропа елдері – Дания, Швеция, Финляндия, Норвегия. Бұл көп жағдайда осы елдердің даму шыңында және қазір инклюзивті өсу сатысына көбірек көшуіне байланысты», деді Серік Жұманғарин Open Space аясында.

Ол осы бағыттағы көшбасшы елдердің тізімін атап өтті.

«Көшбасшы елдер, әрине, Азия жолбарыстары - Сингапур, Гонконг, Оңтүстік Корея. Ең қызығы, АҚШ екінші орында. Перспективалы елдердің тізіміне біз де кіреміз. Қазақстан, Әзербайжан, Грузия; Польша, Латвия, Сауд Арабиясы, Чили, Бахрейнмен тең дәрежеде. Словакия, Италия, Венгрия, Хорватия бұл жағынан проблемалы елдердің шекарасында тұр. Оларда цифрлық экономиканың дамуымен байланысты айқын проблемалар бар», деп атап өтті спикер.