Тағайындау • 19 Қараша, 2021

БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы ауысты

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының лауазымына Ғалиев Ерлан Ерсайынұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Zhaikpress басылымына сілтеме жасап.

БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы ауысты

Ғалиев Ерлан Ерсайынұлы 1977 жылы туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

– Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауданының Г.Молдашев атындағы орта мектебінің, Орал қаласының №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

– Орал қаласының №19 орта мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары;

– Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» ММ директоры;

– Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің басшысы – қала әкімі аппараты басшысының орынбасары;

– Орал қаласының жер қатынастары бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;

– Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.