Рухы мықты ел қашанда биіктен көрінері хақ. Түп-тұқиянымыз болып саналатын сақтар өмірін бейнелеген көрініспен тербелген жетісулық жастар жанарлары ұшқындап, бойларын билеген бұла күш рух беріп, Талдықорған төрінде сап түзеп, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болған «Мәңгілік Ел» акциясын өткізді. Негізгі мақсаты – жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу болып табылатын бұл шараға өңір басшысы ерекше мән берген.
Соның бір дәлелі ретінде «Жастар» спорт сарайына сықаса толған жасөспірімдердің көрсем, білсем, осынау игіліктен көкейіме бір қажеттілікті тоқысам деген ынта-ықыласын айтуға болады. Мемлекеттік Әнұран орындалғанда сол жас өскіндердің қайсарлықтары анық байқалып тұрды. Дүйім жұрттың алдына Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов шығып:
– Елбасының биылғы Жолдауының маңызы ерекше. «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсат-міндеттері айқындалған бұл құжатта елдің ұлы мұраттары да белгіленіп, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жарияланды, – деді. – Бұл еліміздің кемел келешегін, даму мүмкіндіктерін көрсететін жасампаз жоба! Қазақстанды жаңа сатыға көтеру жолында бұл идея басты бағдарымыз, айнымас темірқазығымыз болатыны анық. Өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуде негізгі идеологиялық ұстанымға айналмақ. Мәңгілік Ел болуға Қазақстанның әлеуеті жеткілікті. Ол үшін индустрия мен инновацияға негізделген экономикамызды нығайтып, әл-ауқатымызды арттырумен қатар, рухани қуатымыз зор, біліміміз бәсекеге қабілетті, денсаулығымыз мықты, бірлігіміз бекем болуы керек. Арға – мінәжат, барға – қанағат, жоққа – салауат айтқан халқымыз талай қиын-қыстау күндерді бастан өткерді. Елбасының көреген саясатының арқасында азаттықты аңсаған бабаларымыздың арманын жүзеге асыру біздің ұрпақтың еншісіне тиді. Жетісу өңірі – қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен, арқалы ақын, күміс көмей әнші-жыршылардың жұлдызды шоғыры көптеп шыққан қасиетті өлке.
Татулықты ту еткен жетісулықтардың Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын бір кісідей қолдап, жүзеге асыруға белсене атсалысатыны күмәнсіз. Біз қандай биікке көтерілсек те, елдің ынтымағы мен татулығы арқасында қол жеткіздік. Бұл «Бірлігі күшті ел озады» деген мақалдың өміршеңдігін көрсетеді».
Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов «Өз елім» атты патриоттық тұрғыдағы әнді нақышына келтіре шырқағанда арнайы ұйымдастырылған акция өз мәресіне жақындай түсті. Астанадан осы шараға арнайы келген Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен адами тұрғыда үндеу тастай сөз сөйлеген соң, өңірге танымал жандар мінбеге көтеріліп, ұлттық рухты көтерер әңгіме қозғады. Патриоттық әндер ағытылды.
Қорыта айтқанда, «Мәңгілік Ел» акциясы Жетісу жерінде де жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жалпыхалықтық қолдау тапты.
Нұрбол Әлдібаев,
«Егемен Қазақстан».
ТАЛДЫҚОРҒАН.

Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00
Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
Саясат • Бүгін, 13:13
Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45
Эбола безгегінен қаза тапқандар саны 149-ға жетті
Әлем • Бүгін, 12:21
Қазақстан және Ресей шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды
Экономика • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 11:32
Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен ұтты
Спорт • Бүгін, 11:12
Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар қос алтынға қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 10:59
Қазақ сәулет өнерінің көрнекті өкілі Алмас Ордабаев өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:39