Кино • 19 Қараша, 2021

Алматыда IX халықаралық «Бастау» кинофестивалі өтеді

174 рет көрсетілді

30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Алматыда IX халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл сайын өтетін кино мерекесін Алматы қаласы әкімдігінің, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Тұран Университетінің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен «Tanaris Production» кинокомпаниясы ұйымдастырады.

Фестивальдің негізгі мақсаты – Еуропа мен Азияның жас кинематографистері арасында ынтымақтастық орнату, олардың жұмыстарын қолдау және ілгерілету, түрлі жанрдағы кинофильмдерді жасауға деген қызығушылықты арттыру.

«Бастау» кинофестивалі - жас режиссерлер мен сценаристерге өз жобаларын іске асыру үшін бірегей алаң. Кинофестивальдің конкурстық бағдарламасы 3 бөлімнен тұрады:

  • Толықметражды фильмдер байқауы - Bastau DEBUTS,
  • Қысқаметражды фильмдер байқауы - Bastau SHORTS,
  • Деректі фильмдер байқауы - Bastau DOCS.

Фестиваль Дәурен Қамшыбаевтың байқаудан тыс көрсетілетін дебюттік картинасы – «Зере» фильмінің ұлттық премьерасымен ашылады. Бұған дейін бұл фильм тек Бразилиядағы São Paulo International Film Festival халықаралық кинофестиваліне қатысқан. Картинада басты рөлдерде танымал жұлдыздар Берік Айтжанов, Мұрат Бисенбин, Адина Бажан және Ольга Ландина ойнайды.

Сондай-ақ, конкурстан тыс Айжан Қасымбектің «От» картинасы көрсетіледі. Фильмнің әлемдік премьерасы жақында ғана Пусандағы (Оңтүстік Корея) халықаралық кинофестивальде өтті. Сонымен қатар, биыл фильм Германиядағы Film Festival Cottbus және Сингапурдағы Singapore International Film Festival кинофестивальдеріне қатысты. Ал басты рөлді сомдаған Төлепберген Байсақалов Сочидегі X Russian British Sochi international film festival & Awards 2021 кинофестивалінде және Лос-Анджелестегі Asian World Film Festival кинофестивалінде екі бірдей марапатты жеңіп алды.

Сонымен қатар, байқаудан тыс Әділхан Ержановтың жаңа фильмі, «Еуразия патшайымдары» деректі фильмі және Самат Нұралиевтің «Мультифрукты» анимациялық картинасы көрсетіледі.

Бөлек бағдарламалар шеңберінде: Bastau FOCUS – Ауғанстанда шығарылған фильмдер, AROUND THE WORLD - ірі халықаралық кинофестивальдердің жүлдегерлері және BASTAU CENTRAL ASIA - Орталық Азия елдерінің жаңа фильмдері ұсынылады.

Ашылу салтанаты 30 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Фестивальдің негізгі алаңы - Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі.

«Бастау» IX Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің кестесін -  https://bastauiff.com/ сайтынан көре аласыздар.

4

Соңғы жаңалықтар

Ұмытылмас тарихи сәт

Пікір • Бүгін, 07:43

Батыл көзқарас, байыпты жол

Пікір • Бүгін, 07:42

Ел сенімін арттырған

Пікір • Бүгін, 07:41

Қапысыз халық қалауы

Пікір • Бүгін, 07:40

Шағын бизнестің шарапаты

Бизнес • Бүгін, 07:39

Сапалы интернет қолжетімді

Қоғам • Бүгін, 07:35

Жас саясаткер мектебі

Қоғам • Бүгін, 07:33

Мамандық таңдаудың маңызы

Қоғам • Бүгін, 07:31

Шабанбай биге құрмет

Аймақтар • Бүгін, 07:30

Эйс жасаудың шебері

Теннис • Бүгін, 07:25

Аққан жұлдыз ізімен

Таным • Кеше

Ұқсас жаңалықтар