Абай атындағы ҚазҰПУ-да ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізді. Іс-шараға Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова және жоғары оқу орындарының басшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиын барысында жоғары оқу орындарының білім беру сапасы және жоғары оқу орындарын лицензиялау моделін қайта қарау, оларды қаржыландыру және гранттар бөлу, мамандықтарға қойылатын біліктілік талаптарын арттыру мәселелері талқыланды.
Асхат Аймағамбетов министрліктің өңірлердегі білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комитет басшыларымен орталықтандырылған сапа жүйесіне көшу бойынша жүргізген жұмыстарын атап өтіп, аталған құрылымдардың қызметіндегі өзгерістер туралы баяндады. Министрдің айтуынша, олардың жұмысын неғұрлым жүйелі ету, проблемалар мен оларды шешу жолдарын нақты анықтау, жоғары оқу орындары мен колледждердің қызметін бақылау жөніндегі шараларды күшейту, лицензиялар беру талаптарын қатаңдату қажет. Аккредиттеу агенттіктеріне қатысты сапаны қамтамасыз ету жүйесінің ұлттық стандартын енгізу және рейтингті бағалау әдіснамасын қайта қарау жоспарлануда. Бәсекеге қабілетті жоғары оқу орындарының Лигасы құрылады. Лига мүшелеріне қойылатын негізгі көрсеткіштер мен талаптар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының ректорларымен бірлесіп әзірлейді.
Гүлзат Көбенова жоғары білім беру сапасы мен министрлік қабылдаған шаралар, жоғары оқу орындарының жауапкершілігін арттыру, лицензиялау моделін қайта қарау қажеттілігі, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және олардың еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі, өскелең ұрпақтың адами капиталы мен зияткерлік қабілетін арттыру, Диссертациялық кеңес құру, ғылыми журналдар мен докторанттардың ғылыми жұмысына және олардың ғылыми дәрежелер алуына қойылатын талаптарды күшейту мәселелерін атап өтті.
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов еліміздің жоғары білім беру жүйесін жақсарту жолындағы ауқымды жұмысты атап өтті. Оның пікірінше, лицензиялауды күшейту – өте маңызды қадам. Бұл экономиканың барлық салаларында мамандарды даярлау сапасының артуына әкеліп, жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұл тұрғыда пайдалы халықаралық тәжірибе де бар. Әрине, еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны Лига құрамына кіруге ұмтылатын болады.
Кездесу соңында ректорлар жоғары оқу орындарын лицензиялау және аккредиттеу, университеттер мен аккредиттеу органдарын ранжирлеу, шетелдік жоғары оқу орындары мен сарапшыларды тарту, студенттердің кәсіби дайындық үдерістерін бақылау бойынша жұмыс тобын құру жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.
12 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:10
Әлихан Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 10:02
«Тобыл» Конференция лигасын ерте аяқтады
Спорт • Бүгін, 09:52
Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады
Экология • Бүгін, 09:45
«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті
Футбол • Бүгін, 09:35
2186 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
Тағайындау • Бүгін, 09:22
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:08
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Теннис • Бүгін, 08:45
Футбол • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Шілде айындағы үздіктер анықталды
Футбол • Бүгін, 08:35
Шахматшылардың тарихи жетістігі
Спорт • Бүгін, 08:34
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Орақ науқанына дайындық ойдағыдай
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алған
Қоғам • Бүгін, 08:25
Халықтан ақша жинау заңмен реттеледі
Қоғам • Бүгін, 08:22
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Экономика • Бүгін, 08:20
Әуежайдағы жарылыстың себебі белгісіз
Әлем • Бүгін, 08:18
Солтүстікке көшіп келушілердің жағдайымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды
Технология • Кеше
Ватикан басшысы Қазақстанға келеді
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Қазақстан бақылауына өтуі мүмкін
Экономика • Кеше
Ұлттық қор – ұрпақ игілігі десек...
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
15 мыңға жуық оқушы жаңа мектепке барады
Білім • Кеше
Жылыту маусымына дайындық алаңдатады
Аймақтар • Кеше
Тарих • Кеше
Ескі кесел: Эпилепсияға операция жасауға бола ма?
Медицина • Кеше
Былтырғыдай шөп тапшылығы болмайды
Аймақтар • Кеше
Сартүбек сапары Торғай тойға дайындалып жатыр
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар