Әлем • 20 Қараша, 2021

Баварияда локдаун енгізілді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бавария коронавирус инфекциясының төртінші толқынымен күресуде. Осыған байланысты Германияның ең ірі федералды жерінің премьер-министрі 24 қарашадан бастап қосымша шектеу шаралары енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баварияда локдаун енгізілді

Бұл туралы Euronews агенттігі мәлім етті.

Кафе мен мейрамханалар кешкі сағат 10-ға дейін жабылады, ал дискотека мен түнгі клубтар мүлде жұмысын тоқтатады. Одан бөлек, жәрмеңке мен рождество базарларын ұйымдастыруға рұқсат берілмейді.

Екпе алмаған баварлықтар карантинде болады. Қоғамдық орындарға тек екпе алғандар мен ковидпен ауырғандар ғана барады. Бұл шара аса қажет, себебі ауруханалар коронавирус жұқтырған науқастарға толып кеткен.

«Екпе салдырмаған адамдар басқалалардан ауыр зардап шегіп жатқанын сеніммен айтуға болады», деді Бавария премьер-министрі Маркус Зедер.

13 миллионнан астам халқы бар Баварияда 4,5 миллионнан астам тұрғын вакцина салдыртқан. Бұл елдегі ең төмен көрсеткіштің бірі. Германияда халықтың 68%-ы екпе алған. Республикадағы жұқтыру жағдайы қарқынды өсіп келеді.

Жұма күні 53 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды, ал бейсенбі күні бұл көрсеткіш 65 мыңнан асқан. Жаңа шектеу шаралары 24 қарашадан 15 желтоқсанға дейін енгізілмек.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35