Әлем • 20 Қараша, 2021

Ресейде автобус аударылды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Нижегород облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды. Көлікте 35 адам болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде автобус аударылды

Бұл туралы ТАСС агенттігі мәлімдеді.

«Таңғы сағат 06:10-да Төменгі Новгород-Иваново жолының 333-ші шақырымында автобус жүргізушісі көктайғақты ескермей, жолдың шетіне шығып кетіп, аударылып қалған. Автобус Иваново қаласына тапсырыс бойынша бара жатқан. Оның ішінде 34 жолаушы мен жүргізуші болған», деді облыстың жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының баспасөз қызметі.

13 жолаушы жеңіл және орта деңгейдегі жарақат алған, қалғандары аман.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан 12 адам ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.

Нижегород облысы губернаторының орынбасары – денсаулық сақтау министрі Давид Мелик Гусейновбір адамның автобус салонында қысылып қалғанын мәлімдеді.

«Бір адам орындықтар арасында қысылып қалған, шығарылғаннан кейін ол Балахнаның орталық аудандық ауруханасына жатқызылады», деді Мелик Гусейнов.