Аймақтар • 20 Қараша, 2021

Шортандыдағы жарылыс: Бас мүфти апат болған ауылға барды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы апат болған аймақ – Ақмола облысы Шортанды ауылына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шортандыдағы жарылыс: Бас мүфти апат болған ауылға барды

Бас мүфти апаттан зардап шеккен тұрғындарды сабырға шақырып, ауруханада ауыр хәлде жатқан науқастарға Алладан шипа тіледі.

«Қайғылы оқиға баршамыздың жанымызға қатты батты. Қайғыларыңызға ортақпыз. Еліміздегі барша дін қызметкерлері мен мұсылман қауымы сіздердің отбасыларыңызға дұға жасауда. Алла Тағала ауруханада ауыр хәлде жатқан жандардың тез арада сауығып, орталарыңызға аман-есен оралуын нәсіп еткей. Жаратушы Жаббар Иеміз бұл сынақтың соңын жақсылыққа, қуанышқа ұластырғай. Сіздерге Алладан көркем сабыр тілейміз. Біз әрқашан сіздермен біргеміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.Е

Айта кетсек, жуырда Ақмола облысының Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, 3 адам көз жұмды, тағы он адам ауруханаға түсті. Оқыс оқиға 3 пәтерлі тұрғын үйде болған. Газ баллонының жарылуы салдарынан 3 пәтерлі жеке үй өртеніп, оның бір бөлігі құлаған. Үйінді астынан 3 адамның денесі табылды. Оның біреуі кәмелетке толмаған бала.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайғылы жағдайға байланысты марқұмдардың отбасына қаржылай көмек көрсетті.   

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25