Қалалық Ақпарат орталығының мәліметінше, жаңа модульдік полиция бекетінің бірі – Қ.Мұхамедханов көшесі бойындағы Орталық алаң аялдамасында, екіншісі – М.Әуезов даңғылында орналасқан.
«Полиция жұмысының басты принципі құқық бұзушылықты анықтау ғана емес, оның жолын кесу, кез-келген уақытта халыққа көмек көрсетуге дайын болу, тұрғындармен сенімді қатынас орнату. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қызмет көрсетудің сервистік моделі басым бағыт. Семейде халық көп жиналатын орындарда екі модульдік полиция бекеті ашылды. Бүгінгі таңда Семейде және Өскеменде барлығы осындай жеті бекет жұмыс істеп тұр», деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. Аталған бекеттерге келген азаматтар арыздана алады.
Модульді бекет қызметкерлері аумақты патрульдеп, тәулік бойы кезекшілік атқаратын болады.