Елорда • 21 Қараша, 2021

Елордада үш көлік соқтығысты

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда Б.Момышұлы даңғылы мен М.Жұмабаев көшесінің қиылысында жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада үш көлік соқтығысты

«20 қарашасында шамамен сағат 23:35-те «Мерседес» маркалы автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Б. Момышұлы даңғылынан М. Жұмабаев көшесіне бұрылғанда рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағыттан тура келе жатқан «Киа» және «Лада» маркалы екі автокөлікпен соқтығысқан», деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан «Киа» және «Мерседес» жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. Соңғысы дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді.

«Аталған фактінің мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды және жолдарда өте мұқият болуды ескертеді», дейді Полиция департаментінің өкілі.