Футбол • 22 Қараша, 2021

«Қайрат» финалға шықты

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Алматыдағы Орталық стадионда өткен Қазақстан кубо­гының жартылай финалында жергілікті «Қай­рат» Нұр-Сұлтанның «Аста­на­сымен» күш сынасты.

«Қайрат» финалға шықты

«Астана Аренада» өткен алғашқы кездесуде қонақтар алаң иелерінің қақпасына жауапсыз үш гол салған еді. Бұл жолы да «Қайраттың» мерейі үстем болды. Шыны керек, бірінші тайм сүреңсіз өтті. Қос команда ара-тұра шабуылдағанымен, олардың бұл әрекеттерінен ештеңе өн­беді. Ойыншылардың тепкен доптары көп жағдайда қисық кетсе, кейбір тұста қақпашылардың оңай олжасына айналды. Есесіне үзілістен кейін бәсеке жанданды. 65-минутта Мейрамбек Қалмырза Жоао Пауло тепкен допты кері қайтарамын деп өз қақпасына бағыттады. 81-минутта Хосе Канте бұрыштамадан берілген доп­ты торда тулатса, 87-минутта Вагнер Лав кез­десудің соңғы нүктесін қойды. Есеп – 3:0. Осы­лайша, алматылықтар финалға шықты.

Тағы бір айта кетерлігі, ойынның 70-ми­нутында «Қайраттың» сапындағы сер­биялық легионер Раде Дугалич алаңнан қуылса, 80-минутта «Астананың» жартылай қорғаушысы Мейрамбек Қалмырзаға да қызыл қағаз көрсетілді.