Спорт • 22 Қараша, 2021

Қазақстан командасы каратэден әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірікке Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратэден әлем чемпионатының соңғы жарыс күні өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Қазақстан командасы каратэден әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Командалық сында қазақстандықтар қола жүлдеге таласу мүмкіндігін алған еді. Бүгін үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан ерлер командасы Түркияны 3:1 есебімен ұтты.

Игорь Чихмарев қарсыласымен тең түсіп, Бейбарыс Жаңбырбай 1:2 есебімен ұтылды. Ал Данияр Юлдашев, Нұрқанат Әжіқанов және Нұрнияз Елдашев қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионатында алғаш рет командалық жарыстан жүлде алды. 

Еске сала кетейік, жекелей сында Софья Берульцева мен Нұрқанат Әжіқанов қола жүлдегер атанған болатын.