Әлем • 22 Қараша, 2021

Саакашвили партиясының кеңсесіне шабуыл жасалды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгісіз біреулер Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің «Біртұтас ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясының Батумидегі кеңсесіне тас лақтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саакашвили партиясының кеңсесіне шабуыл жасалды

«Белгісіз адамдар кеңсені таспен ұрып, терезелерін сындырған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері бар», делінген жергілікті телеарналар таратқан ақпаратта.

Саакашвили Грузияда 1 қазан күні ұсталды, оған дейін ол аштық жариялады. Бұған дейін Грузияда ол банкир Сандро Гиргвлианиді өлтіру және депутат Валерий Гелашвилиді ұру туралы істер бойынша сырттай сотталған. Бірінші жағдайда Саакашвили үш жылға, екінші жағдайда алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Грузия билігі Саакашвилиді босатудан бас тартуда. Премьер Ираклий Гарибашвили экс-президент ұзақ уақыт түрмеде отыратынын, тиісті мерзімін өтейтінін айтты.