Әлем • 22 Қараша, 2021

БҰҰ Ауғанстандағы банктерге қолдау көрсетуге шақырды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстандағы банктерге қолдау көрсету үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz

БҰҰ Ауғанстандағы банктерге қолдау көрсетуге шақырды

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы несиені өтей алмайтындар санының күрт өсуі, депозиттердің азаюы және қолма-қол ақшадағы өтімділік дағдарысы бірнеше ай ішінде Ауғанстандағы қаржы жүйесінің күйреуіне әкелуі мүмкін екенін ескертті.

БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Ауғанстанның банктік және қаржы жүйесі туралы үш беттік баяндамасында банктік құлдыраудың экономикалық шығындары және одан туындайтын жағымсыз әлеуметтік әсер көп болатынын мәлімдеді.

«Біз банк секторын қолдау арқылы тәліптерге қолдау көрсетпейтінімізге көз жеткізудің жолын табуымыз керек. Біз барлығын жан-жақты ойластыруымыз керек», деді БҰҰ Даму бағдарламасының Ауғанстан бойынша басшысы Абдулла әл Дардари.

БҰҰ Даму бағдарламасының есебінде ақшаны шығаруға шектеу қойылса, жыл соңына дейін Ауғанстандағы депозиттік базаның 40 пайызы жоғалады делінген.

Әл Дардаридің айтуынша, Ауғанстан экономикасында шамамен 4 миллиард доллар болса да, айналымда бар болғаны 500 мың доллар ғана бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстандағы ашаршылықты ауыздықтауға тырысқан.

Сонымен қатар БҰҰДБ-ның ауған банк жүйесін құтқару бойынша ұсыныстары депозиттерді сақтандыру схемасын, қысқа және орта мерзімді қажеттіліктер үшін жеткілікті өтімділікті қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ несиелік кепілдіктерді және несиелерді кейінге қалдыру опцияларын қамтиды.