«Муайтайдан балалар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы 12 жасар Жарқынбек Оразалының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», делінген ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, 16 қараша күні Ақмола облысының Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, 3 адам көз жұмды, тағы он адам ауруханаға түсті. Оқиға түнгі сағат 22:00 шамасында Шортанды кентінде Линейная көшесі, 28 мекенжайы бойынша орналасқан үш пәтерлі тұрғын үйде болды.
Газ баллонының жарылуы салдарынан 3 пәтерлі жеке үй өртеніп, оның бір бөлігі құлады. Газ баллонының жарылуына өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы себеп болған.
Ауруханаға түскендердің арасында денесінің 70 пайызын термиялық күйік шалған 12 жастағы ер бала қарашаның 20-да көз жұмған болатын.