Қазақстан • 22 Қараша, 2021

Аймақтарға ауа райына байланысты ескерту жарияланды

215 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің бірқатар өңірлеріне ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Аймақтарға ауа райына байланысты ескерту жарияланды

23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м / с жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді,

23 қарашада Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында боран, көктайғақ, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Қарағандыда 23 қарашада бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

23 қарашада Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 23-28 м / с жетеді. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

23 қарашада түнде Қызылорда облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

23 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда 23 қарашада тұман түсіп, көктайғақ болады.

23 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын сақталады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

23 қарашада Атырау облысының батысы мен орталығында тұман болады. Атырауда 23 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

23 қарашада Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде төмен бұрқасын, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Жел оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с.

23 қарашаға қараған түні Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде боран, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанайда 23 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Облыстың батысы мен шығысында екпіні 23-28 м / с жетеді.

Өскеменде күндіз 23 қарашада бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с.