«Митсубиси Delica» автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Жаңажол ауылы жағынан Қожасай кентіне бара жатқан жолда рульге ие бола алмай, аударылып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі әйел Кеңқияқ ауылының орталық ауруханасына жатқызылды. Ақтөбе облысының полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді аса сақ болуға шақырады. Егер сапарды кейінге қалдыру мүмкін болмаса, автокөлік жүргізушілері жылдамдық режимін шамадан тыс асырмай, маневр жасамауы қажет. Қиылыстарда, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және қоғамдық көлік аялдамаларында ерекше қырағылық таныту керек. Жаяу жүргіншілерді де мұқият болуға және қараңғыда жарық шағылыстырғыш элементтерді қолдануға шақырамыз», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.