Қазақстан • 22 Қараша, 2021

Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс саласындағы ынтымақты нығайтуда

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан мен Қазақстан қорғаныс министрліктері ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz  Өзбекстан қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс саласындағы ынтымақты нығайтуда

Министрліктің хабарлауынша, Өзбекстан қорғаныс министрі Баходир Құрбанов Қазақстанның Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов бастаған қазақстандық делегациямен кездескен.

Тараптар екіжақты, оның ішінде әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін талқылады. Аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасу болды.

Қазақстанда «Қалқан-2021» және Өзбекстанда «Хамқорлық-2021» бірлескен оқу-жаттығуларының ұйымдастырылуы жоғары бағаланды.