«Ресей Федерациясының Қазан және Пермь қалаларындағы қайғылы оқиғаларды барлығы біледі. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру объектілерінде алдын алу шаралары күшейтілді. Бүгінгі күні қаланың барлық 207 мектебінде 4 414 бейнебақылау камерасы орнатылған, олардың 2 620 жедел басқару орталығына қосылған. Қалғандары жақын арада қосылатын болады. Сонымен қатар оқу орындарын тексеру қаланың барлық мектептерінде күзет агенттігіне сигнал беретін дабыл түймелері жұмыс істейтінін көрсетеді», деп хабарлады Қанат Таймерденов.
Бүгінгі таңда білім беретін барлық мекемелер дабылмен жабдықталған, сондай-ақ оларда оқу орындарының әкімшілік ғимараттарына кіруді бақылау және басқару жүйесінің жабдықтары орнатылған. Бейнебақылау жүйелерімен 150 мектепке дейінгі білім беру мекемелері жабдықталған.