Қазақстан • 23 Қараша, 2021

Қазақстанның Сауда министрі Өзбекстанда бірқатар кездесу өткізді

297 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М. Мирзиеевтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарына дайындық шеңберінде Сауда және интеграция министрі - ҚР Президентінің Өзбекстан бойынша арнайы өкілі Б.Т. Сұлтановтың Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Сауда министрі Өзбекстанда бірқатар кездесу өткізді

Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Өмірзақовпен, Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Илхом Махкамовпен және ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Жәмшид Ходжаевпен кездесуде екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың негізгі мәселелері талқыланды.

Қатысушылар өзара сауда көлемін $10 млрд-қа дейін ұлғайтуды бірлескен жұмыс үшін бірінші кезектегі міндеттердің бірі деп белгіледі.

Тараптар «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы (ХСЭЫО) жобасын іске асыру барысын талқылады.

«Біз бұл орталықты Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы сауда және индустриялық хабтардың бірыңғай экожүйесі және Орталық Азия өңіріндегі жүк ағындарының негізгі торабы ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Бұдан басқа, осы орталықтың өнеркәсіптік бағыты туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, бұл екі елдің өнеркәсіптік кооперациясын дамытуға мүмкіндік береді.

Тараптар ӨР Президентінің Нұр-Сұлтанға сапары аясында тиісті құжаттарда бекітілетін қорытынды уағдаластықтарға шығу қажеттігін атап өтті.

ХСЭЫО барынша экономикалық әсерге қол жеткізу үшін және солтүстік-оңтүстік, батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәліздерімен интеграциялау мақсатында Қазақстан тарапы ХСЭЫО-ны Қазақстан Республикасының аумағында «Алатау» СО және «Қорғас» ШЫХО-мен, сондай-ақ өзбек-ауған шекарасында «Термез» ХСО-мен және Өзбекстан шекарасында жоспарланып отырған ұқсас шекара маңындағы орталықтарды Қырғызстанмен және Түрікменстанмен ұштастыруды қамтамасыз етуді ұсынды.

ҚР Сауда және интеграция министрінің - ҚР Президентінің Өзбекстан бойынша арнайы өкілінің кездесулері кезінде ХСЭЫО жобасын іске асыру қазақстандық және өзбек тауарларын үшінші елдердің ірі нарықтарына бірлесіп жеткізу үшін Еуразиялық тауар өткізу желісін құру жөніндегі бастаманы ілгерілету, сондай-ақ маусымаралық кезеңде өз нарықтарын молықтыру шеңберінде ерекше өзекті екені айтылды.

Кездесулер барысында Қазақстанның инвесторлары есебінен Өзбекстан аумағында қосымша 3 КТО салу мәселесі, сондай-ақ ҚР солтүстік өңірлерінде өзбек бизнесінің КТО құру мүмкіндігі талқыланды.

Қол жеткізілген тағы бір келісім Агроэкспресс қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыс туралы шешім болды. Қазақстан мен Өзбекстан барынша өзара тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін өз іс-қимылдарын үйлестіруді жоспарлап отыр. Тараптар, сондай-ақ, маусымаралық кезеңде ішкі сұранысты тұрақтандыру үшін ерте дақылдарды жеткізу бойынша фораордтық келісімшарттарға қол қоюға мүдделілік білдірді.

Кездесу барысында тараптар өзара саудадағы кедергілерді жою бойынша жұмыстарды да талқылады.  Бақыт Сұлтанов ТМД тауарларының шығарылған елін анықтау ережелерін біріздендіру қажеттігіне назар аударды, бұл екі елдің өзара саудасының артуына оң әсер етеді және $10 млрд белгісіне одан да тез қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстанның көлік саласындағы, соның ішінде теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастығы талқыланды.  Қазақстан ТҚ-ның Транскаспий халықаралық көлік бағдарына қауымдастырылған мүшелер ретінде кіруін құптайды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің алдағы сапары аясында тараптар өңіраралық ынтымақтастық форумы мен бизнес-форумды өткізу мүмкіндігін талқылады. 

Бұрын хабарланғандай, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М. Мирзиеевтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары 2021 жылдың соңына дейін күтілуде.