Қазақстан • 23 Қараша, 2021

Биыл жаңажылдық кештер өткізуге рұқсат етіле ме?

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жыл қарсаңында мерекелік кеш өткізуге бола ма? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл жаңажылдық кештер өткізуге рұқсат етіле ме?

«Алдымен әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты талап енгізіледі, яғни қоғамдық және тамақтану орындары мен концерт залдарға қанша адамның кіруге болатындығы туралы. Оны сол өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері анықтайды. Рұқсат берілген жағдайда көпшілік баратын қоғамдық орынның неше адамға арналғаны ескерілуі тиіс. Сонымен қатар өңірдің қай аймақта орналасып тұрағаны да маңызды. Коронавирустың тарауы бойынша «жасыл», «сары» немесе «қызыл» аймақ бар», деді Алексей Цой.

Сондай-ақ министр әр облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері сол өңірдегі эпиджағдайға байланысты жеке шешім қабылдай алатынын жеткізді.