Бокс • 23 Қараша, 2021

Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой рингке оралады

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой ригнгтегі кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой рингке оралады

24.kz сайты бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшының 11 желтоқсан күні Алматы төріндегі кәсіпқой бокс кешінде рингке оралатынын жазды.

WBА Gold екінші дәрежелі белбеуі үшін өтетін жекпе-жекте шаршы алаң қожайыны ұлыбританиялық Стивен Уордпен жұдырықтасады. Стивен Уорд кәсіби мансабында 11 рет жеңіске жетіп, бір мәрте жеңіліс тапқан.