Әлем • 24 Қараша, 2021

Аустрия жалпыұлттық карантин жариялады

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус ин­фек­циясының таралуын тоқтату мақсатында Аустрия үкіметі жал­пы­ұлт­тық локдаун жариялады.

Аустрия жалпыұлттық карантин жариялады

Осылайша, Аустрия пандемияның осы тол­қы­нында толықтай карантин жариялаған ал­ғаш­қы Еуропа мемлекеті болып отыр. Сонымен қатар Аустрия – азаматтарына жаппай вакцина алуды міндеттеген алғашқы ел. Жаңа заң күшіне ақпанда енбек.

Үкіметтің хабарлауынша, вирус жұқтырғандар саны кейінгі аптада үш есе өскен. Ауруханаларда жақын арада орын болмау қаупі бар. Сондықтан ел үкіметі 10 күндік карантин жариялауға мәжбүр болып отыр. Олардың хабарлауынша, қажет жағдайда карантин 20 күнге созылуы мүмкін.

Азаматтар азық-түлік дүкендері мен дәріха­на­лар­дан басқа, ауруханаға көрінуге ғана бара алады.

Аустрия канцлері Александр Шалленберг бұл шектеуді жұма күні таныстырды. Вакцинаның толық компонентін алған азаматтар шектеулерге қатысты наразылық білірді. Олар бұл шешімнің әділ еместігін алға тартады.

Аустрия халқының 66 пайызы, яғни 8,9 млн азамат толық вакцина алған. Осыған дейін үкімет тек қана вакцина алмағандарға шектеу жасап көруге тырысты. Дегенмен халықтың белгілі бір бөлігін ғана шектеу елдегі инфекцияның таралуын азайтпады.