Спорт • 24 Қараша, 2021

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Трансұлттық бокс рейтингі кеңесінің (TBRB) тұжырымы бойынша орта салмақтағы ең үздік боксшылар тізімінде позициясын жақсартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Әлімханұлы 21 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Ндам Нжикамды (38-6, 21 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы WBO Global чемпиондық титулын қорғап қалған болатын.

Қазақстан боксшысы осы жеңісі арқылы украиналық Сергей Деревянченконы TBRB рейтингінде бесінші орыннан сырғытты.

Бұл тізімде бірінші орында IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) тұр.

TBRB рейтингіндегі орта салмақтағы боксшылар тізімі: 1. Геннадий Головкин; 2. Джермалл Чарло; 3. Деметриус Андраде; 4. Хайме Мунгия; 5. Жәнібек Әлімханұлы; 6. Сергей Деревянченко; 7. Кіші Крис Юбэнк; 8. Мацей Сулески; 9. Лиам Уильямс; 10. Феликс Кэш.

 

Соңғы жаңалықтар