Қазақстан • 24 Қараша, 2021

Аида Балаева Моңғолия және Алтай өлкесінің бас мүфтилерімен кездесті

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Моңғол Республикасының бас мүфтиі Батырбек Хадыс және Ресей Федерациясы Алтай аймағының бас мүфтиі Жанболат Охтаубаевпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аида Балаева Моңғолия және Алтай өлкесінің бас мүфтилерімен кездесті

Моңғолия мен Ресейден дін қызметкерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған  «Тәуелсіз Қазақстан және ислам құндылықтары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін келді.

Кездесу барысында Министр конференцияға қатысушы елдердегі діни ахуал бір-біріне жақын және ұқсас екенін, мемлекеттер діни бірлестіктердің қызметіне айтарлықтай көңіл бөлетіндігін атап өтті. Өз кезегінде мүфтилер дінбасылар арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция диалог пен одан әрі ынтымақтастықты дамытудағы ашықтық деңгейін көрсететінін айтты.