Аймақтар • 25 Қараша, 2021

Ақселеу байқауының жүлдегерлері анықталды

439 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болды.

Ақселеу байқауының жүлдегерлері анықталды

Ел Тәуелсізді­гінің 30 жылды­ғына орай «Рухани жаң­ғыру» бағ­дар­ламасы аясында ұйымдас­тырылған бұл конкурсқа барлы­ғы 40-қа жуық үміткер өз жұ­мыс­тарын ұсыныпты. Жалпы, осымен алтыншы рет өткізіліп отырған байқауда әр жылды қоса алғанда 16 мен 35 жас аралығындағы барлығы 300-ден астам жас қаламгер бақ сынаған екен.

Марапаттау рәсімінің шы­­­­мыл­­дығын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкен құттықтау сөзбен аш­­қан­­нан кейін, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері кезек-кезегімен аталды.

Академик Е.Бөкетов атын­дағы Қарағанды университетінің профессо­ры, филология ғылым­да­рының докторы Жансая Жа­рыл­ғапов төрағалық еткен қа­зылар алқасының шешімімен Ақселеу Сейдімбек атындағы Бас жүлдеге ақын, журналист, Arda Media Group орталығының директоры, жеке кәсіпкер Асхат Қажытай лайықты деп танылды.

Жас жазушылар арасындағы сында Жезқазған қаласындағы «Қоңыр самал» ЖШС атқарушы директоры Бақтияр Тұрсыновқа бі­рінші жүлде бұйырды. Қара­ған­дыдағы Bolashaq акаде­мия­­сы­ның студенті Күннұр Қабай екінші, ал облыс орталы­ғындағы №10 ЖББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекзат Алтынбек үшінші орынға ие болды.

Жас көсемсөз шеберлері арасындағы сайыста «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі Мақсат Күземхан топ жарды. Облыстық Ortalyq Qazaqstan газетінің тілшісі Ербол Ерболат екінші жүлде иегері атанса, Шахтинск қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің оқу­шысы Ислам Бахатбек үшінші жүлдені місе тұтты.

Қарағанды облысының тіл­дерді дамыту жөніндегі бас­­қармасы ұйымдастырған бай­­­қаудың марапат­тау ке­­­ші арнайы концерттік бағ­дар­ла­маға ұласып, онда облыс­тың өнерпаздары Ақселеу Сей­дімбектің «Сары­арқа», «Дәу­­рен-ай!» әндерін шырқап, «Қос­­ба­сар» күйін орындады.

 

ҚАРАҒАНДЫ

Соңғы жаңалықтар