Елорда • 25 Қараша, 2021

Озық мәдениеттің үлгісі

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы кітапханасы музейінде Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағының жастар бірлестігі мүшелерінің «Өзгерістер кезеңі» атты көрмесі ашылды. Көрме «Тәуел­сіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында ел Тәуел­сіз­дігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Озық мәдениеттің үлгісі

Көрмеде Қазақстанның қазіргі заманғы көркем және сәндік-қолданбалы өнеріне тән үрдістердің кең спектрі ұсынылды. Іс-шараны ашқан Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің басшысы Күләйша Ақтаева Ел­басы кітапханасының Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер ода­ғымен серіктестігі жас ұр­пақтың шығармашылық тәжірибесіне баса көңіл бөлі­не­тін ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатынын атап өтті. «Тұңғыш Президентіміз Нұр­сұлтан Назарбаев ел гүлде­нуін­дегі жастардың орны мен маңыздылығын үнемі айтатын. Вернисажда ұсынылған туындылар өнер әлеміне ал­ғаш­қы қадамын басқан жас су­ретшілердің өмірге, ай­на­ладағы құбылыстарға көз­қарасын бейнелейді. Бұл жұмыстарда шығармашылық із­деністің инновациялық тәсіл­дері мен аға буыннан бе­рілген көркемсурет дәстүр­лері­нің сабақтастығы әдемі сақталған», деді Қ.Ақтаева.

«Көрме аясында Батыс Қа­зақ­стан облыстық қазақ драма театрының режиссері Гаухар Адаймен шығармашылық коллаборация құрып, түрлі инс­тал­ляция, перформанс қойдық. Осы орайда келушілердің рухани азық алатынына сеніміміз мол», деді Нұр-Сұлтан қала­сы Жастар бірлестігінің төр­айымы, суретші Гүлдана Жұрқабаева.

Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев: «Озық мә­дениеті бар ұлттың рухы да әрдайым биік болмақ», деген болатын. Бүгінде Елбасы кітапханасының алаңында ал­ғаш рет шығармашылық еркіндікті бойына сіңірген жаңа ұрпақтың жанры мен шығармашылық қызы­ғу­шы­­лығы жағынан сан алуан қы­рық жұмысы ұсынылды. Айта кетейік, аталған көрме 10 жел­тоқсанға дейін жалғасады.