Кәсіпқой бокс • 25 Қараша, 2021

Алда чемпиондық жекпе-жек күтіп тұр – Жәнібек Әлімханұлы

40 рет көрсетілді

Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желілерде осы жылы жақсы қарсыластарды жеңгенін жазып, алдағы уақытта чемпиондық шайқасқа шығудан үмітті екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аллаға шүкір, біз маңызды кезеңнен өттік. Осы жылы бір емес екі бірдей әлемнің экс чемпионын жеңдік. Бұйырса алдағы уақытта әлем чемпионы атағына таласатын боламын. Соңғы жаңалықтардан хабардар шығарсыздар. Өз салмағымдағы кез келген чемпионмен шығуға дайынмын. Қолдауларыңызға көп рақмет! Қазақ стилі әлемдегі нөмірі бірінші стиль», делінген Жәнібектің әлеуметтік желілердегі жазбасында.

Иә, Жәнібек 2021 жылы Роб Брант, Хассан Ндам Нжикам секілді әлем чемпиондарынан айласын асырған болатын. Ол келесі жылы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадемен жұдырықтасуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар

Қарсыласын 7 раунд бойы сабады

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:32

Индонезияда жер сілкінді

Әлем • Бүгін, 09:32

Үшінші жеңіліс

Жекпе-жек • Бүгін, 09:02

Жоспарын жоққа шығарды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Үздік ондықта Головкин жоқ

Кәсіпқой бокс • Кеше

Жекпе-жексіз өткен алғашқы жыл

Кәсіпқой бокс • Кеше

Ұқсас жаңалықтар