Полиция және ҰҚК қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Т.Рысқұлов ауылдық округі тауларының етегінен бірнеше атыс қаруы мен патрондары, оның ішінде Ақсу-74 маркалы жауынгерлік автоматты қаруы мен 5,45 калибрлі патрондар табылды.
Қару-жарақ арсеналы 1989 жылы туған Каменка ауылының тұрғынына тиесілі болып шықты.
«Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық алынған атыс қаруы бойынша бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін тиісті сараптамалар тағайындалды», деп жазады Жамбыл облысының ПД.