
Дәл осы күні қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас кәсіпқой рингтегі дебютті кездесуіне шығады. Ол Украина боксшысы Алена Гурьевамен қолғап түйістіреді. Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрт раундтық форматқа жоспарланған. Ангелинаның қарсыласы кәсіпқой рингте үш жекпе-жек өткізіп, екеуінде қарсыластарына есе жіберген екен. Сол нәтижесіне қарағанда Алена Гурьева айтарлықтай қауіпті қарсылас деуге келмейтін сияқты.