
Конкурс ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірде № 489 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурс өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Қағидаларға сәйкес конверттерді ашу 2021 жылғы 21 желтоқсанда сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8 (Министрліктер үйі), 14 кіреберіс, 745 кабинетте өтеді. Конкурс қорытындысы конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жоғарыда көрсетілген мекенжайда шығарылады.