
«Турасын айтсам, «Канело» менімен шайқасқа шығатындығына аса сенген жоқпын. Әлбетте, кез келген сәтте онымен кездесуім мүмкін екенін түсіндім. Жартылай ауыр салмаққа өтсе, ол әлем чемпионы атағына таласады. Бірақ менен басқа чемпиондар да бар. Мәселен ол орта салмақтағы Джермалл Чарломен рингке шығуы ықтимал, Геннадий Головкинмен трилогия ұйымдастыруы мүмкін. Бұл жекпе-жектер шынын айтсақ, оған көбірек пайда әкеледі», дейді ресейлік боксшы.