Ресей ТЖМ ақпараты бойынша, шахтадан 237 адам эвакуацияланды. 45 адам зардап шексе, 9 кенші көз жұмды. Олардың денелері шахтадан әлі шығарылған жоқ.
Төтенше жағдай 25 қарашада таңертең Беловодағы Грамотеинский қалалық типтегі ауылда болды. Ол кезде жер астында 285 адам болған.
Іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда. Шахтадан тағы 48 адам көтерілмеді, оларды іздеу үшін Ресей ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Оқиға орнында психологтар жұмыс істейді.
Осыған ұқсас қайғылы оқиғалар біздің елімізде де орын алған еді. Осы жылдың 7 қарашасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Абай» шахтасында кенеттен жарылыс болды. Апат салдарынан екі адам зардап шегіп, алты шахтер қаза тапты.