Оқиға бүгін сағат 11:30-да болды. Самара-Шымкент тасжолының 932 шақырымындағы Белқопа кентінің маңында жол апаты орын алды.
«Honda автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты есептемей, баса озу маневрын жасап, нәтижесінде DAF жүк автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Honda автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды. Осыған байланысты жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды сұраймыз», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.