Кәсіпқой бокс • 26 Қараша, 2021

Ең қымбат билет - 829 955 теңге

898 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 желтоқсан күні Жапония астанасы Токио қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен жергілікті оғлан, WBA (Super) белбеуінің иесі Риота Мурата арасында жекпе-жек өтетіні белгілі. Дәл қазір аталмыш бокс кешінің билеттері сатылымға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ең қымбат билет - 829 955 теңге

Деректерге сенсек, жанкүйер ретінде жекпе-жекті рингтің маңынан тамашалағыңыз келсе, 829 955 теңгеге билет аласыз. Ал ең арзан билеттің құны 41504 теңге болса, аренаның ортасындағы ыңғайлы тұста отырғыңыз келсе, 207 531 теңгеге билет алуыңызға тура келеді.