Орта салмақта IBF және IBO әлем чемпионы атағын иеленген Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) сөзсіз гегемон деп танылды.
«Орта дивизионның да айқын көшбасшысы бар. Ол - Геннадий Головкин. Бокс жанкүйерлері дем алып, оның «Канеломен» үшінші жекпе-жегін күтіп жатқанда, GGG орта салмақты темір жұдырығымен басқарды», делінген мақалада.