Аймақтар • 26 Қараша, 2021

Алматыда алкоголь өнімдерін шығарған заңсыз цех анықталды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында алкоголь өнімдерін өндіріп келген жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда алкоголь өнімдерін шығарған заңсыз цех анықталды

Қарасай ауданы, Әйтей ауылының тұрғыны өз үйінде антисанитарлық жағдайда арақ-шараптың танымал маркаларын бөтелкелерге құйып, ірі көлемде саудаға шығарып отырған.

Қаржы мониторингі Агенттігінің Алматы облысы аумақтық департаменті мамандарымен тексеру барысында 7000 акциздік марка, әртүрлі алакоголь сусындарының 850 бөтелкесі мен қақпақтар және бөтелке жабатын қондырғыларды анықтады. Сондай-ақ құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 25 литрлік ыдыстар мен басқа да құрал-жабдық тәркіленді.

«Аталған факт бойынша Қарасай аудандық сот үкімімен ҚР ҚК 233 бабы, 2-ші бөлігі бойынша ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат беріліп, тағайындалған жазаның бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау орнатылды. Және 300 сағат қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындалған», деді Алматы облыстық экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Айнұр Ыдырысова.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35