Қазақстан • 27 Қараша, 2021

Қазақстанда бұрқасын, тұман және жел күтіледі

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 қарашада еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда бұрқасын, тұман және жел күтіледі

Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында синоптиктер тұман, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарда 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді деп болжап отыр.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, Көкшетауда түнде оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15 м/с жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады,күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман сақталады. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан жел таулы аудандарда 15-20 м/с, Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында түнде боран соғады. Облыстың солтүстігі мен шығысында түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.