Әлем • 27 Қараша, 2021

Ресейдегі шахта жарылысының себебі анықталды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кемеров облысы «Листвяжная» шахтасындағы жарылыс метанның атылуы салдарынан болуы мүмкін. Бұл туралы  ТАСС құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейдегі шахта жарылысының себебі анықталды

«Алдын ала мәлімет бойынша, кенеттен метан атылып, кейін жарылыс болған. Бірақ, оның неліктен атылғаны әлі де белгісіз. Қазіргі уақытта тергеу органдары осыны анықтап жатыр», деді агенттік дереккөзі.

Сондай-ақ, ол шахтадағы метанға жауап беретін құрылғының жұмысы зерттеліп жатқанын айтты.

«Қазір оны да анықтап жатыр», деп қосты дереккөз.

Еске сала кетсек, Ресейдегі «Листвяжная» шахтасындағы өндірістік апат салдарынан қаза болғандардың жалпы саны 6 тау-кен құтқарушысын қоса алғанда, 52 адамды құрады.